|
27.05.2022 | 17:48
573

Қ. Тоқаев: Қазақстан іскерлік негіздегі еуразиялық интеграцияны қолдайды

Президент Еуразиялық экономикалық комиссия табысты жұмыс істеп жатыр деген баға берді

Қ. Тоқаев: Қазақстан іскерлік негіздегі еуразиялық интеграцияны қолдайды Ақорда

Қазақстан еуразиялық интеграцияның іскерлік әрі прагматикалық негізде дамығанын жақтайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапары аясында Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында Одақтың еркін сауданы дамытуға жағдай жасау үшін құрылғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Президент Еуразиялық экономикалық комиссия табысты жұмыс істеп жатыр деген баға берді.

«Бүгінге дейін Еуразиялық экономикалық комиссия аясында өткізілген консультациялар нәтижесінде кедергілердің 80 пайызы жойылды. Бұл күрделі жұмыс жалғасын табады деп үміттенеміз. Интеграция – көп еңбек сіңіруді және мүше мемлекеттер арасында ымыраға келуді қажет ететін үдеріс. Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның нақты нәтижеге жай сөзбен емес, нақты іспен қол жеткізгенін қолдайды. Кез келген мәселені іскерлікпен шешкен жөн. Халық бұл мәселелердің ұзақ созылғанын күтпейді, қазір шешілгенін қалайды», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қырғыз еліне ресми сапары барысында мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысты. Университет ректоры Жансейіт Түймебаев екі мемлекеттің басшыларына оқу орнының аудиторияларын көрсетіп, білім беру және ғылыми жобалары, соның ішінде қырғыз студенттері үшін грант бөлу жоспары туралы айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысып, бұл күнді қазақ пен қырғыздың рухани өміріндегі ерекше күн ретінде бағалады. Ол екі елдің бауырластығы мен достығы ешқашан мызғымайтынына сенім білдірді.

«Ағайын елдердің тамырластығын кезінде Абай да айтқан. Ұлы ақын қазақтың тарихына тоқталған кезде қырғыз бауырларды ерекше атап өткен. Ол «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген. Расында, екі ұлттың тегі мен тілі бір, жүрегі мен тілегі бір. Айыр қалпақты ағайынға біздің ықыласымыз қашанда ерекше. Көп ұзамай елімізде Манас ескерткіші бой көтереді. Бұл есім қазаққа өте танымал. Әйгілі Манасқа құрметіміз ерекше», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир