Қазақстанда АЭС салу мәселесі талқыға түсті. Атомдық энергетика мен ядролық физика және өзге де сала мамандары бас қосқан жиында ауқымды жобаның жүзеге асуы мен тиімді-тиімсіз тұстары сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сарапшылар мен ғалымдар атом стансасы энергия өндіріп қана қоймай, оның құнының арзандауына да әсер ететінін айтты. Мұндай электр стансасының жұмысы атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтың мөлшерін азайтады деп санайды. Өйткені елдің энергетика саласы негізінен қатты отынға арқа сүйейді. Ал соның салдарынан бүлінген ауа – экологиялық түйткілдің тууына себеп. Айтылғандардан бөлек, ғалымдар атом стансасы энергия өндіріп қана қоймай, оның құнының арзандауына да әсер ететінін айтты.
– АЭС, ең алдымен, экологиялық жағдайды қалыпқа келтіреді. Екіншіден, алдағы 100 жылда тұрақты түрде елді энергиямен қамтиды. Басқа ұтымды-ұтымсыз тұсын өзге де ғалымдар дәйекпен айта жатыр, – деді ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев.
АЭС-тың салынуы – елдің өнеркәсіптік әлеуетінің артуына да сеп болмақ. Қазірдің өзі Қазақстан уран өндірісінде жаһан көшін бастайды десек, станса салынған соң энергетикалық тәуелсіздікке толық қол жеткізуге болады. Мамандар бұдан бөлек, электр энергиясын экспортқа шығару артады деп болжайды.
Оқи отырыңыз: Бостандық ауданында 480 орындық жаңа балабақша салынады