Доллар 400 теңгеге көтерілсе, Ұлттық банк қолға алады

Доллар 400 теңгеге көтерілсе, Ұлттық банк қолға алады
Айырбастау пункттерінде доллар бүгін түстен кейін 389 теңгеге көтерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төл теңгенің құны тағы құбылды. Кеше ғана антирекордттық деңгейге жетіп 388-ге сатылған доллар бүгін түстен кейін 389-ға бір-ақ шықты. Жалпы соңғы бір екі күнде АҚШ валютасының біртіндеп көтерілуіне не түрткі? Экономистер қандай пікір айтады. Дәл қазір студиямен тікелей байланысқа қаржы сарапшысы Нұржан Зиябеков шығып отыр.

– Нұржан мырза, соңғы бірнеше күнде Америка ақшасы қымбаттады. Бұлай өсуі неге байланысты? 

– Менің ойымша, теңгенің құнсыздануы Американың Ресейге қойған санкциясынан деп ойлаймын. Екіншіден, мұнай бағасы да құлдырады. Еліміз мұнай өндіретін, экспорттық мемлекет болғаннан кейін біздің экономикамыз мұнайға тәуелді. Сондықтан теңге осылай құлдырауда.

– Доллар бағасының шарықтап өсуі қандай қызмет түрлерінің қымбаттауына алып келу мүмкін?

– Теңгенің тұрақсызданғаны экономикаға, банк жүйесіне, қаржы жүйесі, қызмет көрсетулерге түрлі мемлекеттік органдарға болмаса да, халықтың табысына тікелей әсер етеді. Нақты секторға зиянын тигізуі мүмкін.

– Ал, алдағы уақытқа қандай болжам жасайсыз?

– Менің болжамым бойынша, теңге осы деңгейде қалады. Ары кетсе, 391-392 шамасында.  400-ге бармайтын сияқты. Неге десеңіз? 400 теңге –  біздің экономикамызға өте ауыр. Ондай болған жағдайда, Ұлттық банк кіріседі.    

– Жауабыңызға рахмет.

Новости партнеров