Алматыда қосыша 190 білім грантын үлестіру бойынша құжаттарды қабылдау басталды

matritca.kz
matritca.kz
Конкурс 5-10 тамыз аралығында өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша, ҚР Білім және ғылым министрлігімен ел көлемінде қосымша 5 мың грант бөлінген болатын. Бір ерекшелігі бұл мемлекеттік тапсырыс тек атаулы әлеуметтік көмек алатын және көпбалалы отбасыдан шыққан талапкерлерге үлестіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бұл негізінен өңірдегі сұранысқа ие мамандықтарға, соның ішіндн 75 орын педагогикалық мамандарға бөлініп отыр, яғни педагогикалық ЖОО-на. 60 орын ақпараттық технологиялар саласына бөлінді. 10 орын энергетика саласына және 20 орын құрылыс саласында инженер кадрларына бөлінді. Біз бұл қажеттілікті Алматы қаласындағы Әл-ауқат басқармасы арқылы қарап, ертең 4 жылдан кейін бала мамандыққа ие болып, жұмыс таба алады деген мамандықтарға бөлуге тырыстық», – деді  Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат ЖЫЛҚЫБАЕВА.

Конкурс 5-10 тамыз аралығында өтеді. Құжаттарды экранда көрсетілген жоғары оқу орындарына тапсыруға болады. Талапкерлерді қабылдап, арнайы мамандыққа үйретуге қаладағы 15 оқу орындары ниет білдірген. Басты талап, жоғарыда аталған санаттан шыққан талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден межелеген балды жинауы шарт.

 

Новости партнеров