Алматы қаласының әкімдігі қала прокуратурасымен бірлесіп тұрғын үй құрылысы кезінде "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңын бұзуды анықтау және болдырмау бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
2018 жылдан бастап үлестік қатысушылардың ақшалай қаражатын алдын ала сатып алу-сату шарттарын жасау, сондай-ақ тұрғын үй кешендерінің құрылысы жобаларының жарнамасын орналастыру жолымен заңсыз жұмыс жасайтын 14 компания анықталды.
2020 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 320-бабының 1-бөлігі бойынша 5 әкімшілік өндіріс қозғалды.
Алданып қалған үлескерлердің жағдайын болдырмау мақсатында Алматы қаласының әкімдігі құрылыс салушының үлескерлерден ақша жинауға рұқсаты бар-жоғын немесе Кепілдік беру қорына кепілдік беру туралы жасалған шарттың болуын тексеру қажеттігін ескертеді.
Төменде аталған құрылыс компанияларында үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ екенін қосымша хабарлаймыз:
1. ЖШС «Жәңгір Тау»
2. ЖШС "Ақ Жайық LTD"
3. ЖШС "Век-Құрылыс"
4. ЖШС "Лукум"
5. ЖШС "Шевченко-145"
6. ЖШС "Райн"
7. ЖШС "Диал- Строй"
8. ЖШС "Прогресс ЛТД
9. ЖШС "ПКС"
10. ЖШС "Teksan Reform Construction"
11. ЖШС "DK65"
12. ЖШС "Dos Invest Company"
13. ЖШС "Nest Strоy"
14. ЖШС "AK Construction Company"
15. ЖШС "Central Asian Holding"
16. ЖШС "Тастай Девелопмент"
17. ЖШС "УК Bayterek"
18. ЖШС "Атрикс-Строй инвест"
19. ЖШС "ЖЕР-АНА" Тұрғын-үй кешені"
20. ЖШС «Билдинг Сервис»
21. ЖШС "Deluxe Constraction"
22. ЖШС "Nest Stroy"
23. ЖШС "BBN Group"
24. ЖШС "Нұрлы-Тау Building"
25. ЖШС "Акку Девелопмент"
26. ЖШС "Шижага ЛТД"
27. ЖШС "Югсантехсервис" Инженерлік-құрылыс компаниясы"
28. ЖШС "ЖВК"
29. ЖШС "АЛШЫН"
30. ЖШС "Кумпулан Казахстан"
31. ЖШС "Berkut Development"
32. ЖШС «КazCARier»
33. ЖШС "Риголит"
34. ЖШС "Best Craft"
35. ЖШС "Ана Жер Құрылыс"
36. ЖШС «Есентай Строй»
37. ЖШС «Арт Медиа»
38. ЖШС "Тимус-constraction"
39. ЖШС "Юр Ай Ком"
40. ЖШС "VIVAT Building"
41. ЖШС "TALAS Capital"
42. ЖШС "Delux Constraction"
43. ЖШС "Нұр City Investment"
44. ЖШС "Градострой Инвест"
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда