Ұлттық валюта күні қарсаңында мектептерде ашық сабақ өтіп жатыр

15.11.2023 14:32

Іс-шарада оқушыларға теңгенің қолданысқа енгенге дейінгі тарихы айтылды

Almaty.tv

Төл теңгенің айналымға енгеніне биыл – 30 жыл. Айтулы күнге орай Астана мектеп оқушыларына «Теңге – тәуелсіздік символы» атты ашық сабақ өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық музейде ұйымдастырылған іс-шараға қаладағы №70 мектеп-лицейі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия шәкірттері мен ұстаздары қатысты. Оқушыларға алдымен теңгенің қолданысқа енгенге дейінгі тарихы айтылды. Бүгінгі бізге жеткен қағаз ақшаның жасалуы көрсетілді.

«Біз инвестициялық монеталарды, банкнота мен өзіміздің жеке коллекциямыздағы тиынды балаларға таныстырғымыз келді», – деді ҚР Ұлттық музейі ғылыми кітапхананың жетекшісі Толқын Дәріш.