Атырау мұнай өңдеу зауыты - біздің экономикамыз үшін маңызды кәсіпорын-Әлихан Смайылов

05.07.2023 23:26

Үкімет басшысы Атырауға жұмыс сапарымен барды

inbusiness.kz

Атырау мұнай өңдеу зауыты - біздің экономикамыз үшін маңызды кәсіпорын. Өңірге жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы осылай деді. Әлихан Смайылов кәсіпорын жұмысын тоқтатпау керектігін айтты. Сапары аясында Премьер-министр Атырау мұнай өңдеу зауытының қазіргі жағдайымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты – біздің экономикамыз үшін өте маңызды кәсіпорын. Бұл сіздердің тұрақты жұмыс істеулеріңізге, экономикамыздың тұрақты дамуына тікелей байланысты. Сондықтан сіздердің зауыттарыңыз тұрақты жұмыс істеуі керек. Апатты жағдайға байланысты барлығы тоқтап қалды.  Мұндай жағдай 2 жыл бұрын да болды. Сол кезде қорытынды жасау керек еді. Автономды газ трубиналарды, энергия көзін жобалап іске асыру керек еді», – дейді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Бұдан кейін Әлихан Смайылов Арнайы экономикалық аймақ аумағында орналасқан «Қарабатан Ютилити Солюшнс» компаниясының жұмысымен танысты.