«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылады - Серік Жұманғарин

11.01.2023 23:28

Жоба нәтижелі іске асса, шекара маңындағы елдермен тауар айналым орта есеппен 30 пайыз артады

dzen.ru/Almaty.tv.

Қазақстанда Үндістан, Пәкістан бағытында тасымалдау әлеуеті артады. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрдің мәліметінше, транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында «Солтүстік-Оңтүстік» шығыс тармағының инфрақұрылымын Иран бағытында дамытуға баса мән беріледі. Жоба нәтижелі іске асса, шекара маңындағы елдермен тауар айналым орта есеппен 30 пайыз артады.

«Қазір шекара маңындағы сауда, көлік, логистика және өнеркәсіптік кооперация орталықтарының желілерін ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру басталды. Жол картасы іске асырылып жатыр, орталықтың орналасатын жері анықталды, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жоспарланып отыр», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.