Үкімет бюджет тапшылығын қалай жаппақ

elements.envato.com
elements.envato.com
Биыл 8 айда мемлекетке түскен кіріс 94 пайыз орындалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел Үкіметі бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан түсетін трансферттерді пайдалануды жалғастырады. Экономика министрі Нұрлан Байбазаров уақыт өте келе бұл тәжірибеден бас тартатынымызды жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл 8 айда мемлекетке түскен кіріс 94 пайыз орындалған. Ал республикалық бюджет 84 процентке дейін төмендеген. Оның себебін ведомство басшысы импорт пен экспорт түсімдерінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Министр бюджет тапшылығын өтеудің бір жолы салықтық әкімшілендіру екенін атап өтті.

– Біз салықтық әкімшілендіру есебінен жыл соңына дейін қосымша 900 миллиард теңге аламыз деп күтіп отырмыз. Сонымен қатар биыл бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан қосымша трансферттер түріндегі қаражаттың бір бөлігін пайдаланамыз. Оған өңірлер мен инвестициялық жобалар қаржыландырылады, – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Министрдің айтуынша, бюджет шығыны 2020 жылдан бері арта бастаған. Пандемия әсер етті. Оның үстіне, дәрігерлердің, мұғалімдердің және азаматтық қызметкерлердің жалақысы көбейді. Ал 2023 жылдан бюджет шығындарының өсу қарқынын ырықтандырып ұстап тұру көзделген.

Оқи отырыңыз: Алматыда қала күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді

Новости партнеров