Оны жүзеге асыруға құрылтайшылар тарапынан 160 миллион теңге бөлінген
Алматыда отандық өнімді дамытуға арналған жаңа компания ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оны жүзеге асыруға құрылтайшылар тарапынан 160 миллион теңге бөлінген. Яғни алдағы уақытта электр энергиясы мен газ және су, жылу есептеуге арналған құралдар енді өз елімізде шығады. Бүгінде компания Қазақстанның әр өңірінде келісім шарт бойынша жұмыс жасауда. Бұдан бөлек, алдағы уақытта компания басшылығы есептеуіш құралдарды шет мемлекеттерге шығаруды жоспарлап отыр.
«Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шара семинар арқылы біз өзімізді Қазақстан аумағында жеке отандық өнім ретінде таныстыру. Бүгінгі мына біздің өндіріске тартылған инвестициялардың көлемі 160 миллионнан астам. Бүгінгі толықтай барлық есептеу құралдарының барлығы шығарылуда», – деді компания басшысы Бекбол Егізбаев.