|
15.12.2020 | 18:37
775

Елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жобалар саны 900-ден 2600-ге дейін көбейген

Қазақстанда азық-түлік, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жиһаз, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті

Елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жобалар саны 900-ден 2600-ге дейін көбейген

Қазақстанда азық-түлік, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жиһаз, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. Оның сөзінше, дайын, өңделген тауарлар шығарылымының өсуіне байланысты импорт үлесі төмендеген. Осылайша, 2020 жылы отандық өнім өндірісінің үлесі 2 жарым пайызға жоғарлапты. Бұдан бөлек отырыста тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа шаралары әзірленіп жатқаны айтылды. Ол туралы толығырақ Almaty.tv тілшісі Асылбек Тойбектің материалында.

Коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шараларын енгізуге қарамастан, «Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жобалар саны биыл 900-ден 2600-ге дейін көбейген. Аталған жобаларды іске асырудан жұмыс орындары санының болжамды өсуі шамамен 20 мыңға жеткен.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры 509 жобаны субсидиялады. Ең көп қаржыландырылған жобалар азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдары мен металл бұйымдарын, пластмасса, жиһаз және киім өндіру салаларында. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша «Даму» қоры арқылы субсидияланған жобалардың кредиттік портфелі 338,6 млрд.теңгені құрайды», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Бұдан бөлек, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа шаралары әзірленіп жатыр. Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуы бойынша, Қазақстанда кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған үшжақты келісімдер жасау тетігі енгізіледі. Бұл шара тауарларды сатып алу мерзімін қысқартуға, сондай-ақ өнім берушіні таңдау кезінде шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.

«Қабылданып жатқан шаралар болашақта отандық өндірісті ынталандыру үшін жер қойнауын пайдаланушылармен келісімдер жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы жобасы аясында отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа шаралары әзірленіп жатыр», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Жергілікті қамтуды одан әрі дамыту үшін мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер енгізілмек. Оның ішінде отандық өндірушілерді қолдаудың ең тиімді механизмі – ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу болып отыр.

Асылбек Тойбек

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир