|
21.10.2022 | 19:14
2591

Қазақстандағы энергетика жүйесінің жай-күйі қандай - министр жауабы

Генерациялаушы қуаттар шамамен 60% тозып

Қазақстандағы энергетика жүйесінің  жай-күйі қандай - министр жауабы Almaty.tv.


Қазақстандағы энергетика жүйесі ескіріп,генерация секторы нашарлап кеткен. Салдарынан былтырдан бері елде электр энергиясының тапшылығы сезіліп келеді. Жауапты министр Болат Ақшолақов биыл авариялық тоқтап қалулар саны 22 пайыз артқанын айтты.  Ал осы күні генерациялаушы қуаттар шамамен 60% тозып кеткен. Ведомство басшысының айтуынша, тоқты тұтынудың рекордтық өсуі аясында қалыптасқан ахуал мен саланың дамуын тежейтін факторлар болашақта елдің энергетикалық тұрақтылығына елеулі қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан бұл салаға көптеп инвестиция тарту маңызды екенін жеткізді.

«Электр энергиясын сатудан түскен қаражат және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер есебінен жылу энергиясын өндіруге жұмсалған шығындарды өтеу мәселесі де қайта қаралуы тиіс. Яғни, қарсы тоғыспалы субсидиялау алынып тасталуы тиіс», – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир