Алматыда жаңа зауыттар іске қосылады

пресс-служба Акима Алматы
пресс-служба Акима Алматы
Алматыдағы Индустриалды аймақтың жалпы көлемі 490 га, оның ішінен жобаларға бөлінгені 326 га
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Индустриалды аймақтағы іске қосылатын жобалардың барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыдағы Индустриалды аймақтың жалпы көлемі 490 га, оның ішінен жобаларға бөлінгені 326 га. Бүгінгі күні инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 212 га бөлінген. 43 компания резидент болып табылады, оның 9-ына шетелдіктер қатысады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев іске қосу-реттеу жұмыстарының және өнім шығарудың процесстерімен танысты, жүзеге асырылатын жобалардың мегаполистің экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті. Ол өзінің сөзінде Индустриалды аймақтың әлеуеті қажет әрі бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құруға мүмкіндік беретінін қадап тұрып айтты. Мұндағы басты талап – өнідіріс экологиясы, энергияның тиімділігі, заманауи технологияны ұтымды пайдалану және өндіріс процесстерін жоғары деңгейде цифрландыру.

Ағымдағы жылы Индустриалды аймақта 8 жаңа жоба іске қосылды. Мысалы, шілде айында «KazTigerTape» ЖШС жобалық қуаты жылына 1250 тонна өнім шығаратын скотч пен стрейч-қабығын шығаратын зауыты пайдалануға берілді. Бұл жобаның құны — 382 млн теңге, жаңадан 50 жұмыс орны ашылды.

Қараша айында екі зауыт іске қосылды. Алғашқысы — «ASSET» ЖШС полимер бұйымдарын шығаратын зауыты, жобалық қуаты 315 км құбыр шығару. Мұнда да 50 жұмыс орны құрылды. Инвестиция көлемі — 421,5 млн теңге. Екіншісі «ЭНКО» ЖШС жылумен – сумен қамту бұйымдарын шығаратын зауыты, оның жобалық қуаты бойынша жылына 23800 өнім шығарылады. Жобаның құны – 800 млн теңге, 64 жұмыс орны ашылған.

Қазіргі кезде Индустриалды аймақта пайдалануға берілетін бес зауытты іске қосу және олардың өндіріс процесстерін ретке келтіру жұмыстары жүруде, мұнда 1300-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, «Эйжа Стил Пайп Корпорэйшн» ЖШС үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауытты іске қосады, ол жылына 100 мың тонна құбырлар өндіреді, 304 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

«Техновид» ЖШС зауытында энергиялық жағынан тиімді қасбеттер шығару жолға қойылған. Мұнда 80 жұмыс орны ашылады. Оның жобалық қуаты – жылына 520 мың ш. м сәулет қасбеттерін шығару.

Көптен күткен өндіріс орындарының бірі — «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС жеңіл көліктер шығаратын зауытының құрылысы. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 45 мың автомобиль шығару. Мұнда 700 жұмыс орны құрылатын болады. Ірі қорапты жинаудың алғашқы кезегі пайдалануға беріледі. Таяу арада мұнда алғашқы тестілік автомобиль шығарылады. Келер жылы зауыттың екінші кезегі іске қосылады, соның арқасында өндірісті шектеу шамамен 50%-ды құрайтын болады.

Тағы бір өндіріс орны – «МПЗ Бижан» ЖШС ет өнімдері мен жартылай фабрикаттарды шығарады. Зауыттың жылдық қуаты — 3,5 мың тонна. Мұнда 250 жұмыс орны ашылады.

«Әлмерек» ЖШС біреттік медициналық өнімдерді шығаратын зауытты іске қосты. Оның жылдық қуаты – 29 млн дана бұйым шығару. Мұнда 50 жұмыс орны ашылады.

2020 жылы Индустриалды аймақта жалпы құны 24,1 млрд теңге болатын 14 жобаны іске қосу жоспарланған, соның арқасында 1400 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Новости партнеров