Алматыда аудиторлық тексеріс кезінде 100 миллиард теңгеге жуық бюджеттік заң бұзушылық анықталған. Бұл туралы Алматы қаласы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мамандары мәлімдеді.
Өткен жылы 202 аудиторлық тексеру өткен. Нәтижесінде, 158 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылыпты. Көбіне қаржылық заң бұзушылық бухгалтерлік есеп, жұмыс атқару жүйесінде және мемлекеттік сатып алулардан анықталған.
«2019 жылдың бірінші тоқсанында 52 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Оның 50-і жоспардан тыс тексерістер. Іс-шараның нәтижесінде, 7 жарым миллиард теңгеге жуық заң бұзушылықтар анықталды. Оның 2 жарым миллиард теңгеге жуығы қаржылық заң бұзушылықтар. Мұндайға жол бермеу үшін кәсіби экономист, білікті қаржыгерлерді жұмысқа алған абзал», - дейді Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы Әсия МӘСІМОВА.