Азық-түлік өнімдерін жеткізуге шектеу қойылмайды – министр

17.03.2020 в 00:21

Әкімдік бекіткен бағаны қымбаттатқан жағдайда айыппұл салынады

Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнімдерді жеткізуге шектеу қойылмайды. Яғни бұл мақсатта шекаралар жабылмайды. Ол туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің шекті бағасын бекітіп жатыр. Егер кәсіпкер сол бағадан жоғары қымбаттатқан жағдайда айыппұл салынады. Барлық азық-түлік дүкендері жұмысын тоқтатпайды. Тек олар қойылған талапты сақтауы қажет. Атап айтар болсақ, сауда орындарында жиі дизенфекция жүргізіліп тұруы тиіс. Ұзынсонар кезек туындамауы керек.  Ірі сауда орталықтары аумақтарына тұтынушыларды бетпердемен ғана кіргізеді. Егер болмаған жағдайда өздері қамтамасыз етуге міндетті. Жадынамалар, таратып тұрады. Тепловизорлар орнатулары тиіс.

«Төтенше жағдайлар кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауда. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары тұрақтандырылады. Төтенше жағдай режимінде барлық ел ортақ қауіп-қатерге қарсы бірігуге  тиіспіз. Біз тамақ өнімінің бағаларын көтеруге, алыпсатарлыққа жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз», – деді  ҚР Сауда және интеграция министрі  Бақыт СҰЛТАНОВ.