Бұл салада соңғы 3 жылда 10 мың грант бөлінді
Цифрландыру ісінде инновацияның болуы – маңызды мәселе. Биылғы Жолдауында аталған салаға айрықша тоқталған Мемлекет басшысы «Елдің стратегиялық міндеті – Қазақстанды IT мемлекетке айналдыру» дейді. Бұл бағытта былтырғы экспорт көлемін биыл 500 миллион долларға дейін жеткізу көзделіп отыр. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш бір миллиардқа дейін өсуі керек.
– Президенттің тапсырмасы бойынша IT саласында соңғы 3 жылда 10 мың грант бөлінді. Қазақстандағы жетіспейтін мамандардың орнын толтырады деп ойлаймын, – деді техника ғылымдарының phd докторы Жасталап Әбілқайыр
Көпшілік Жолдауда айтылған судың жайы кеңінен талқылады. Мемлекет басшысының саладағы сан сауалға нақты жол көрсетіп, бағыт бергені мәлім. Мұның ішінде суды үнемдейтін озық технологияны қолдану аймағын 150 мың гектарға дейін кеңейту, 20 жаңа бөген салу мен 15 су қоймасына күрделі жөндеу міндеті бар. 3500 шақырымдық каналды жаңғырта отырып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу да басты назарға ілінді.
– 2040 жылы ауыл шаруашылығында 12-15-млрд текше метрге дейін су тапшылығы болады деген болжам бар. Соның алдын алу үшін суды тазалау, пайдалану технологиясына көп мән беруіміз керек. Сарқынды суларды тазалап, ауыл шаруашылығына пайдалану мәселесін қарап жатырмыз, – деді техника ғылымдарының кандидаты, доцент Бостандық Қалқабайұлы.
Оқи отырыңыз: Жолдау-2023: Ұлтжанды ұрпақты ұлттық құндылыққа негізделген оқулық тәрбиелейді