Қазақстанда азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттады

Pfrf-kabinet.ru
Pfrf-kabinet.ru
Баға өсімі әсіресе Павлодар мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы жыл басынан бері 5,7 пайызға өскен. Баға өсімі, әсіресе, Павлодар мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұндай мәліметпен Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы бөлісті. Оның сөзінше, бұл осы көрсеткіштің соңғы бес жылдағы ең минималды мәні. Мәселен, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны 2016 жылы 9,1 пайызға, ал былтыр 7,7 пайызға қымбаттаған.  

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің құны әсіресе Павлодар мен Нұр-Сұлтан қалаларында өскен. Екі шаһарда да аталған тауарлар 12 пайызға қымбаттаған. Ал төменгі өсім Алматы, Петропавл мен Ақтау қалаларында тіркеліп отыр», – деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің ішінде, әсіресе картоп қымбаттаған. Өсім 43,3 пайыз. Сәбіз 31,4. Сарымсақ 20,3, қарақұмық 19, қант 10,7, сары май 10,2 %-ға өскен. Ал керісінше қырыққабат 23,3 пайызға, жұмыртқа 7,2, күріш 7, тауық еті 2,9 пайызға арзандаған. Бұған вице-министрдің айтуынша, аталған өнімдерді сыртқа шығаруға шектеу қойылуы мен нарықта көкөніс пен жидектің жаңа түсімінің пайда болуы әсер еткен. 

Новости партнеров