Алматы қаласы әкімі Б. Сағынтаев индустриялық аймақтағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

16.05.2020 00:32

Карантин шараларының бәсеңсуіне байланысты кәсіпорындар бұрынғы жұмыс ырғағына оралуда

Almaty.tv

Бүгін Алматы әкімі Б. Сағынтаев индустриялық аймақтағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Карантин шараларының бәсеңсуіне байланысты кәсіпорындар бұрынғы жұмыс ырғағына оралуда. Өткен жылы Индустриалды аймақтың жұмыс істеу принципін қайта қарастырдық. Қалаға экономиканың нақты секторын қайтарып, дамыту қажет.

Бүгінде 12 жоба жүзеге асырылды. Тағы 46 жоба іске асырылу сатысында тұр. Соның 10-ын биыл, ал 23-ін келесі жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Барлық 58 жобаның инвестициясының жалпы сомасы 248 млрд тг. Тамақ пен медицина өнеркәсібі, логистика, құрылыс және автомобиль жасау саласындағы жоғары білікті мамандар үшін 8,5 мың жұмыс орны құрылатын болады.

Атап айтқанда, энергиялық тиімді сәулеттік қасбеттер зауыты салынуда. Кәсіпорын жоғары сапалы энергия үнемдейтін ПВХ және алюминий профильдік құрылымдарды шығаруды жолға қойып отыр. Оның қуаты – жылына 475 мың шаршы метр. Ал жобаның құны  –  3,8 млрд тг құрайды. 80 жұмыс орны ашылады.

Бірінші кезеңі өткен жылдың соңында басталған Hyundai Trans Kazakhstan автоқұрастыру зауытында жылына 45 мың автокөлік шығарылады. Жұмыс көлемнің 75%-ын Қазақстанда, 25%-ын таяу шет елдерде іске асыру жоспарлануда. Екінші кезеңді іске қосу ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған. Бояу, дәнекерлеу және басқа да өндірістік автоматтандырылған желілер ашылатын болады. Бұл ретте, кәсіпорын оқшаулау үлесін 5 жыл ішінде бір модель үшін біртіндеп 50%-ға дейін өсіре отырып жеткізетін болады. Жобаның жалпы құны 25 млрд теңгені құрайды. Мұнда 700 жұмыс орны ашылады.

Қала әкімі Б. Сағынтаев атап өткендей, Алматыны индустрияландыру үшін жоғары технологиялық өндірістер құру қажет, онда біліктілігі жоғары мамандар үшін жоғары ақы төленетін жұмыс орындары ашылады.

«Мұндай жобалар Алматының әлемдегі дамыған қалалардың арасында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Оған қоса жаңа экономикалық моделінің өсуінің негізіне айналады. Экономиканың құрылымдық маневрінің басты мақсаты да осы. Экспорттық өндірістерді дамыту және әлемдік жоғары технологиялар экономикасындағы біздің өндірушілердің үлесін кеңейту қала экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді», –  деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Индустриялық аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары шеңберінде жылыжай кешенінің жобасы іске асырылды. Қуаттылығы 7,2 мың тонна өнім болатын көкөніс өндірісі жолға қойылды. Жобада құны 7,8 млрд тг болатын 185 жұмыс орны ашылды. Өндірісте тыңайтқыштар мен минералдарды автоматты түрде беретін тамшылатып суару жүйесі қолданылады.

Сондай-ақ, тамақ өнеркәсібі кластерінде толық өндірістік циклмен ет өңдейтін зауыт ашылды. Қуаттылығы 3,5 мың тонна болатын кәсіпорында 100-ден астам шұжық өнімдері шығарылады. 250 жұмыс орны ашылды.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі сондай-ақ «Келет» АҚ-ның сумен жабдықтау, жылыту және желдету, соның ішінде газ қазандары мен су сорғыларын өндіретін зауытқа барды. Жұмыс орындарының саны – 230, карантин кезінде 190 адам жұмыс істеуде. Сондай-ақ, дезинфекциялық кабиналар да дұрыс жолға қойылған.