|
16.01.2023 | 19:33
431

«Самұрық-Қазына» табысының 7% «Қазақстан халқына» қорына аударады – Үкімет қаулысы

Құжатты қоғам 30 қаңтарға дейін ашық талқыға сала алады

«Самұрық-Қазына» табысының 7% «Қазақстан халқына» қорына аударады – Үкімет қаулысы ашық дереккөзден

«Самұрық-Қазына» бұдан былай таза табысының кемінде 7 пайыз мөлшерін «Қазақстан халқына» қорына бөледі. Мұндай ережені Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп, жұрт назарына ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құжатты қоғам 30 қаңтарға дейін ашық талқыға сала алады.

«Самұрық-Қазына» түсімдерінің 7 пайызын енді «Қазақстан халқына» қорына аударуға Президенттің ұсынысы болған. «Қазақстан халқына» қорының өзінің негізгі мақсаты-халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайының өсу сапасын жақсартуға негізінен үлес қосу болып табылады. Сондықтан да, осы тұрғыдан келген кезде бұл қорға тұрақты түсімдердің болғаны дұрыс. Осы жерден «Самұрық-қазынаның» 7 пайыз пайдасын осы жаққа аударып отыратын болса, демек қорда біраз қаражат болады деген сөз. Бұл қор қаншалықты ертең тиімді, эффективті жұмыс жасайды деген мәселе бар. Міне, осы сұрақ өз алдына бөлек. Өйткені, бұл қор құрылғанына 1 жылдай уақыт болып қалды. Бірақ, осы уақытқа дейін біз тиімділігін, эффективтілігін көре алған жоқпыз», – деді экономист Мақсат Халық.

Сондай-ақ, экономист  Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тұрақты күйінде қалдырғаны жөнінде айтып берді.

«Қазіргі уақытта Ұлттық банк базасы пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Дей тұрғанмен, бұл 16,75% деген әрине жоғары пайыз. Алдағы уақытта оның бірте-бірте түскенін қалаушы едік. Өйткені, соның артынан бизнеске берілетін несие мен жалпы несиенің пайыздары да төмендетілетін болады. Осы тұрғыдан келгенде базалық пайыздық мөлшерлемені орнын өзгертпей сақтап қалудың  өзі Ұлттық банк тарапынан бірте-бірте түсіреміз деуіне сигнал деп қабылдауға болады. Ал, енді не үшін түсірген жоқ деген сұраққа жауап берсем, себебі, әлде де болса халықаралық дәрежедегі орталық банктердің барлығы Американың фидералды зерттеу жүйесі де, Еуропаның орталық банкі де әлде де қатаңдатылған саясатын жүргізіп келе жатыр. Фидералды жүйесінде 4,5% болса, Еуропалық одақ та 2,5%. Ол белгілі дәреже де бұрын соңды болмаған пайыздар. Демек, ол жақта әлі түсірілмегендіктен бізде де әлі Ұлттық банк өзгеріссіз қалдыруды дұрыс деп қабылдап отыр. Дей тұрғанмен, алдағы уақытта оның түскені бізге өте маңызды», – деді экономист Мақсат Халық.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир