Ел экономикасы 4,3 пайыз өсті

baq.kz
baq.kz
Республикалық бюджеттің 101 миллиард теңгесі игерілмеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елде республикалық бюджеттің 101 миллиард теңгесі игерілмеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, ең көп игерілмеу сомасы ішкі істер, қаржы, ғылым және жоғары білім, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде екен. Жалпы, мемлекеттік бюджет шығыны - 95,8 пайыз, республикалық бюджет – 96,5, жергілікті бюджеттердің шығыны 96,6 пайызға атқарылған

«Игерілмеудің негізгі себебі Қаржы министрі төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген, конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу,  шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасуы, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау,  шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі, есепті айда қаражатты жұмсау қажет болмауы болып табылады», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Ал экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, қаңтар, ақпан айында Қазақстан экономикасы 4,3 пайыз өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,7 пайыз ал қызмет көрсету саласында 5 пайыз өсіп, оң динамика байқалған. Әсіресе, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары көрсеткішке ие. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 19,2 пайыз болған.

«Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Ұлытау, Маңғыстау, Павлодар және Қарағанды облысында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 15,7%-ке өсіп, 10,3 миллиард  долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4%-ке өсіп, 6,1 млрд. долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21,5%-ке ұлғайып, 

2,1 миллиард долларды құрады», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Новости партнеров