Онда кондитерлік және шоколад, ыдыс, мата мен кілемдер көпшіліктің назарына ұсынылды. Көрмені тамашалауға келгендердің арасында Ресей, Қытай және Еуропа елдерінің компания өкілдері бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазір әлем нарығында қазақстандық тауарға деген сұраныс артып келеді. Оның сыры – бізде өндірілетін азық-түлік өнімдері экологиялық стандарттарға сай. Сондықтан ұйымдастырушылар көрме аясында тиімді келісім-шарттар жасалады деген үмітте.
«Бұл көрме серіктестер мен тұтынушыларға өзіміздің тауарларымызды көрсетуге мүмкіндік береді. Шараға шамамен оншақты елдің компания басшылары келеді. Олардың арасында бізбен ортақ жобаларды жүзеге асырған ірі кәсіпкерлер де аз емес. Жалпы, осы шара арқылы әріптестік аясын кеңейтуді көздеп отырмыз», – деді көрмені ұйымдастырушы Гүлмира ЮСУПОВА.