Шаруа қожалықтар мемлекеттен бөлініп жатқан қаржылық қолдауды тиісті деңгейде алмайды – депутат

egemen.kz
egemen.kz
Кішігірім бұл қожалықтарда жұмыс істеп жатқан адам саны да, жер көлемі мен мүлкі де аз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар түйткілдің түйінін тарқатудың жолын да айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәл осылай деген Сенат депутаты Әли Бектаев аграрлық секторда мемлекет тарапынан қолдауға бөлініп жатқан қаржының көптігіне қарамастан, мәселелер де жеткілікті екенін жеткізді. Мәселен, тауар өндірумен айналысатын шаруа және фермерлік қожалықтардың майдалылығы. Кішігірім бұл қожалықтарда жұмыс істеп жатқан адам саны да, жер көлемі мен мүлкі де аз. Сәйкесінше, олар мемлекеттен бөлініп жатқан қаржылық қолдауды тиісті деңгейде ала алмайды.

«Ал енді ондай жағдайда ауыл шаруашылығының өнімділігі де төмен болады. Ауыл шаруашылығы өндіріп жатқан өнімнің көлемі де аз болады. Міне, осындай майдаланған шаруашылықтардың барлығын ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ірілендіру мәселесі кеше анық айтылды. Ашық айтылды және сол кооперацияға қатысты мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету, соның ішінде арзандатылған ұзақ мерзімді несиелер беруге қатысты өте жақсы айтты деп айтуымызға болады», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев.

Ал сенатор Динар Нүкетаева Жолдауда Президенттің мемлекеттік қызметкерлерді 25 пайызға қысқарту керек дегені, яғни жақын болашақта бұл секторда тек сапалы, білікті кадрлар ғана жұмыс істейтіні қуантады. Мектеп мұғалімдерінің жалақысы жыл сайын 25 пайызға жоғарылайтыны да көңілді серпілтті дейді. Келешек ұрпаққа тәлім беретін жауапты мамандық иелерінің еңбекақысы төрт жылдан кейін екі есеге артатынын Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен болатын.  

«Мен енді өзім педагог ретінде балаларды мектепке дейінгі біліммен, тәрбиемен қамту мәселесіне ерекше тоқталып өтті және де пандемия кезінде көзіміз көрді, кәсіпкерліктің негізі жөнінде білім беру керегін, колледждерде, мектептерде кәсіпкерлік негіздерінен білім беру қажет екені айтылды. Өйткені қай жағдайда болмаса да, экономикамыз құлдырамауы керек, оны көтеру үшін, тұрақтандырып ұстап тұру үшін әр обтасы кәсіпкерлікпен айналысуы қажет деп айтқым келеді», – деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Динар Нүкетаева.

Новости партнеров