Алматыда жастарға криптовалютаның маңыздылығы түсіндірілді

Алматыда жастарға криптовалютаның маңыздылығы түсіндірілді
Алдағы 2-3 жылда қолма-қол төлем жүйесін криптовалюта алмастыруы ғажап емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Криптовалюта еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізетін инновациялық төлем жүйесі. Оның маңыздылығын өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та атап өткен болатын.

Бүгін жаңа жүйемен айналысып жүрген трейдерлер жастардың мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді. Айтуларынша алдағы 2-3 жылда қолма-қол төлем жүйесін криптовалюта алмастыруы ғажап емес.

«Өткен жылы Астана Экономикалық форумында Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық төлем жүйесін кезең-кезеңмен енгізу керектігін айтқан еді. Бұл валюталық тәуелділіктен арылтып, нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Оның үстіне, еңбек өнімділігін арттыруға да септігін тигізеді деген болатын. Сол себепті бұл бағытта мемлекеттік қолдау арқылы жас стартаперлерге көмек көрсеткіміз келеді. Қазір ХХІ ғасыр. Жоғары технологиялар заманы. Алғашқы қадамдар жасалып та қойды», - дейді трейдер Дмитрий ОЛЕНИН.

Новости партнеров