Ендігіде Ұлытау облысына қарасты аудандар мен әр ауылдың жеке экономикалық даму бағдарламасы жасалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған жоспар «Ауыл аманаты» жобасы арқылы қолдау таппақ. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың өңірге жасаған сапары барысында мәлім болды. Ақпар үшін айтайық, Ұлытау облысы экономикасының құрылымында ауыл шаруашылық саласының үлесі әзірге 3,2 пайыз ғана. Ал аталған жоба бұл көрсеткішті арттыруға сеп болмақ.
«Біз бүгін 3 нысанды аралап шықтық. Бір сөзбен айтқанда, аталған жоба Ұлытау өңірінің темірқазығына айналуы мүмкін. Бұл жалпы алғанда импортты алмастыратын, сонымен бірге орта есеппен 50-60 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін жоба деп ойлаймын», - дейді ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов.