Елімізде астық пен ұн экспортына шектеу енгізу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қазір ұн мен астықты ішкі нарыққа сатқысы келмейтіндер қатары көп. Себебі шетелдерге экспорттау арқылы жоғары бағаға өткізгісі келеді. Сондай-ақ, министр біздің астық балансымыз жақсы. Ішкі нарықта тұтынуға да және экспорттауға да жететінін айтты.
«Экспорттаушылар ішкі нарыққа сатқысы келмейді. Бағаның көтерілуін күтіп отыр. Мұнда ұн өндірушілер мен астық өндірушілер арасында келісім болмай тұр. Экспортқа тиісті шектеу енгізіледі. Сонда экспорттаушылар өнімнің белгілі бір бөлігін ішкі нарыққа жіберуге мәжбүр болады», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.