|
15.10.2020 | 20:15
8512

Алматыда Hyundai автокөлік құрастыру зауыты ашылды

Кәсіпорын бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлік, ал екінші кезеңде 45 мың дана көлік шығаруға қауқарлы

 Алматыда Hyundai автокөлік құрастыру зауыты ашылды primeminister.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматыға келіп, Hyundai автокөлік құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телекөпір форматында өткен жиынға Корея Республикасы мен еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлері, зауыт басшылары қатысты. Кездесуде зауыттың заманауи технологиялар мен экологиялық талаптарды сақтай отырып салынғаны айтылды. Сондай-ақ, Премьер-министр әлемдік ірі корпорацияның Алматыда кеңейе түсуі көлік өнеркәсібінің даму деңгейін әрі Корея Республикасымен арадағы ынтымақтастықтың терең үлгісі екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда автомобиль жасау қарқынды дамып, Қазақстан экономикасының дамуының драйверіне айналды. 9 айдың нәтижесі бойынша 50 пайыздан астам өсім тіркеліп отыр. жалпы автомобиль жасау саласы көптеген аралас салалардың өсуіне зор мүмкіндік жасайды. Соынемн қатар бұл сала тұрақты жұмыс орындары құрылды. Осы ретте Үкімет тарапынан отандық машина жасауды дамытуға зор көңіл бөлінуде», – деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин.

Кәсіпорын бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлік, ал екінші кезеңде 45 мың дана көлік шығаруға қауқарлы. Алда тағы автокөлік бөліктерін шығаратын зауыт ашу көзделген. Сөйтіп, елді көлікпен қамту 51 пайызға артып, оларды экспорттауға да мүмкіндік туады.

«Бұл зауытта қазіргі кезде 350-ге дейін маман жұмыс істейді және 700-ге жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Мұнда шығарылған автомоблиьдер тек қана елде сатылмайды, одан басқа ТМД елдеріне экспортқа жіберілетін болады», – деді «ASTANA MOTORS» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Сондай-ақ, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Премьер-министрге елдегі экологиялық туризмді дамыту жобалары таныстырылды. Одан кейін Асқар Мамин Үлкен Алматы айналма жолының және қаланың көлік пен тұрғын үй нысандарының құрылысын көрді. «Halyk Arena»-дағы инфекциялық стационарға, ерекше балалар мен жасөспірімдерге арналған «MEIIRIM» оңалту орталығына, Шоқан Уәлиханов атындағы мектепке барды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир