Елімізде пияз бен қырыққабат бағасы қаншаға қымбаттады
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елімізде пияз бен қырыққабат бағаларының өсуі әлі де байқалады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv
Оның сөзінше, жыл басынан бері 1 килограмм пияздың бағасы 29%-ке немесе 23 теңгеге қымбаттаған. Қырыққабаттың бағасы 20 теңгеге көтерілген. Ал, сәбіз бағасы егін жинау кезеңінде түседі деп сендіреді.
«Маусымаралық кезеңде бағаның өсуі байқалатын көкөністер, импортқа тәуелді өнімдер, сондай-ақ жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлар ең жоғары өсім көрсетті. Өңірлердегі қалыптасқан жағдай бойынша, ең жоғарғы өсім 12,0% – Түркістан облысында, 11,6% – Нұр-Сұлтан қаласында және 11,4% – Қарағанды облысында тіркелді», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34