Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ana tili" газетінде жарияланған сұхбатына 2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданғанын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ana tili" газетінде жарияланған сұхбатына «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданды. Құжатта әлеуметтік бағыт басты басымдық ретінде сақталды. Онда денсаулық сақтау, білім беру саласына және әлеуметтік қажеттіліктерге өте қомақты қаржы қарастырылған» деп атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған республикалық бюджет шығыстары 6 трлн 108 млрд астам теңгені құрады, бұл 2024 жылғы шығыстардан 14 пайызға немесе 748,7 млрд теңгеге артық.
Көзделген шығыстардың 97,9 пайызы немесе 5 трлн 982 млрд теңгесі азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталатын болады. Оның ішінде 4 трлн
262 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған, бұл шамамен
2,5 млн зейнеткерді қамтуға мүмкіндік береді (саны 77,8 мыңға өскен), 1 трлн
720 млрд теңге – барлық жәрдемақыларды төлеуге, бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді.
Қалған қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға және т. б. бағытталатын болады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2024 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 5 трлн 261 млрд теңге жұмсалды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттемелер уақтылы және толық көлемде орындалды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан -әлеуметтк мемлекет: елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті