|
24.08.2021 | 21:05
862

Алматыда ШОБ субьектілеріне жеңілдікпен несиелеу және қайтарымсыз грант беру басталды

Ол үшін бюжеттен бөлінетін қаржы да өткен жылға қарағанда айтарлықтай артқан

Кәсіп бастаймын деген жандар үшін мемлекеттен қолдау көп. Алматыда шағын және орта бизнес субьектілеріне жеңілдікпен несиелеу және қайтарымсыз грант беру басталды. Ол үшін бюжеттен бөлінетін қаржы да өткен жылға қарағанда айтарлықтай артқан. Бағдарламаға түрлі санаттағы азаматтардың қатысуына болады. Мақсат – қала экономикасынын өркендту мен отандық өндіріс ошақтарын көбейту, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отандық экономиканың екі бірдей мықты қалқаны бар. Бірі – бизнес болса, енді бірі – экспорт. Кәсіпкерлік нашарласа, әлеуметтік күй кетеді. Сондықтан қала аумағында өндіріс ошақтарын арттырып, тұрақты жұмыс орнын құру басты талап. Осы мақсатта индустриялды аймақта қазір бірнеше компанияның құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі – газоблок шығаратын зауыт. Екі ай бұрын ғана жұмысын бастаған бұл нысан жұмыстың жартысынан көбін аяқтаған.  

Кәсіпорын жұмысын бастағаннан кейін дәл осындай кірпіштер шығаратын болады. Кірпіштің бұл түрі қазір үй салудан бөлек, басқа да құрылыстарда сұранысқа ие. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, жұмысын жолға қойып алғаннан кейін тауарларын Алматы қаласымен қатар еліміздің басқа да өңірлеріне тасымалдауды жоспарлап отыр.

«Қазір көріп тұрғандағыдай құрылғылары қойылды. Ғимарат жасалды. Соңғы панелін бір жұманың ішінде бітіреміз. Қазанның басында сынақ режимде бірінші прокуцияны шығарамыз деп жоспарлап отырмыз», – деді учаске бастығы Ерғали Хамитов.

Бұл кәсіпорын ғимараттың ішкі есіктерін өндірумен айналысады. Зауыттың жалпы инвестициясы 300 млн теңге. Құрылыс материалдарының ерекшелігі экологиялық таза өнім. Оның артықшылығы, біріншіден, адам денсаулығына кері әсері жоқ және шетелдік өнімдерден әлдеқайда сапалы. Зауыт жұмысын бастаса 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Осылайша, жергілікті халық тұрмысының тіктеуіне мүмкіндік бергелі отыр.

«Қазіргі кезде, өкінішке қарай, есіктердің 90 пайызы шетелден келеді. 80 пайызы Ресейден, 10 пайызы Беларусиядан. Импорт алмастыру мақсатымен осы кәсіпорынды ашып отырмыз. Осыған үлесімізді қосқымыз келеді», – деді кәсіпорын басшысы Азат Қалиолла.

Құрылысы қарқынды жалғасып жатқан тағы бір нысанның бірі құбыр шығаратын зауыт. Кәсіпорын, сонымен қатар, корей технологиясымен жасалатын кірпіштерді де өндіреді. Ол үшін қажетті құрылғыларда сатып алынған. Осы секілді кәсіп бастауға ниет еткендер мемлекеттің ұсынған түрлі жеңілдіктерін пайдалануына мүмкіндігі бар. Қазір кәсіпкерлікті қолдау аясында 6 мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп тұр. Оның талаптары мен берілетін қаржы көлемі кәсіптің санатына қарай әртүрлі.

«2021 жылға арналған несиелеу бағдарламасының бюджеті 46,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға артық. Осы жылы несиеленетін жобалардың болжамды соммасы 34 пайызға өсе отырып, шамамен 340 млрд теңгеге жетеді», – деді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов.

Мемлекеттен қаржы алып, кәсібін дөңгелетемін дегендер «Инвест Қолдауға» барып, мамандардың кеңесіне жүгіне алады. Орталық қаладағы Байзақова 303 мекенжайында орналасқан. Бағдарламаға тек жұмыссыз азаматтар ғана емес, тұрақты жұмыс орны бар адамдардың да қатысуына да мүмкіндігі бар.  

Ұлағат Арғын, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир