ҚР Үкіметінде Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі Жедел штаб құрылды
Жедел Штабтың алдағы жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі Жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел штаб Ресей Федерациясына санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады.
Жедел Штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді.
Сонымен қатар Жедел Штабтың алдағы жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады.
Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Жедел штабтың алғашқы отырысы өтті, онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
22.11.2026 14:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.11.2026 09:12
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36
Грек жаңғағы қандай жағдайда зиянды болуы мүмкін
22.11.2026 15:55
22 қарашаға арналған валюта бағамы
22.11.2026 09:46