Бюджет қаржысын игермеген министрліктер белгілі болды

Сурет: Аlmaty.tv
Сурет: Аlmaty.tv
Мемлекеттік қаржыны игере алмаудың себебі анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бюджет қаржысын игермеген министрліктер белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Үкімет құрамындағы бірнеше ведомство жыл басынан бері 91 млрд теңгені мақсатты жұмсай алмаған. Қазынадан бөлінген қаржыны Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Су ресурстары және ирригация министрліктері әлі күнге дейін игере алмай отыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі айтты. 

Дәурен Темірбековтың ақпаратынша, бұл қатарда Астана және Алматы қаласы мен Маңғыстау, Ақмола облыстары бар. Конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу мен жүйелі жұмыстың болмауы салдарынан жыл соңында осындай олқылық болады.

– Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар министрліктері қаржыны игере алмаған. Оның негізгі себебі - конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу, есеп шоттарды, атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау. Ол министрліктердің қайта ұйымдастырылуына байланысты болды, - дейді ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.

Оқи отырыңыз: Президент құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесті

Новости партнеров