Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін шектеуді тағы бір жылға дейін ұзартты. Енді 2024 жылға дейін елімізде тәулігіне 74 мың баррельден артық мұнай өндірілмейді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай шешімді қабылдаудағы басты мақсат - қара алтын бағасын тұрақты ұстап тұру дейді сарапшылар. Баға тұрақталса, экономикалық өсім де сақталатын көрінеді. Сол себепті еліміз ОПЕК+ ұйымы қабылдаған шешімге сәйкес мұнай өндірісінің көлемін қысқартатын болды. Осы тақырыпта экономист, тәуелсіз сарапшы Мақсат Халық өз пікірін білдірді.
ОПЕК+ елдер ұйымы мұнай өндірісі көлемін шектеу шешімін екінші рет қабылдап отыр ма?
– Қазіргі уақытта ОПЕК+ елдері мұнай өнімі көлемін қысқарту бойынша шешім қабылдап жатыр. Бүгінде мұнайдың бағасы жылдап түсе бастады. Сондықтан мұнай бағасын ұстап тұру үшін ОПЕК+ елдері бірауыздан осындай келісімге келіп отыр. Өткен жолда да сондай шешім қабылдаған болатын. Әлем экономикасы өткен жылдары инфляция қарқындылығын жоя бастаған еді. Бірақ ОПЕК+ елдері шектеу қою арқылы инфляцияны түсіруге тосқауыл болып отыр. Осыған байланысты Американың орталық банкі федералды резервтер жүйесіндегі долларлық кілттік пайыз мөлшерін көтеретін болды. Иинфляциямен күресу үшін өзге де мемлекеттер де, Еуропалық одақ та ақша несие саясатын қатаңдата бастады. Мұның кері жағы осы. Өйткені олар инфляциямен күресеміз деп базалық пайызды көтерген сайын ақша қымбат болады. Одан іскерлік белсенділік төмендейді. Экономикалық өсім тежеледі. Қазіргі біздің байқап отырған процесіміз осы. Америкада да, Еуропалық одақта дағ Қытайда да экономикалық үрдіс тежеле бастаған.
Мұнай өнімін өндіруді шектеу Қазақтан экономикасына қалай әсер етеді? Тиімді тұсы немесе кері әсері болуы мүмкін бе?
– Қазақстан экономикасына қатысты әсерін айтатын болсақ, әрине, екіжақты әсерін тигізеді. Бірінші кезекте, мұнай өніміділігінің қысқаруы мұнай бағасын өсіреді. Мұнай бағасының жоғары болуы Қазақстан экономикасына оңтайлы әсерін тигізеді. Мұнай бағасы жоғары кезде, экспорт әлеуетіміз жақсарады. Бюджет түсімдері артады. Осы жағынан экономикалық өсімге ықпалы оң бар. Кері жағы да бар. Себебі әлемдік дәрежеде мұнай бағасының өсімінен шикізат өскеннен кейін, кез келген өндірістің, кәсіпкерлік өнімінің бағасы өседі. Біз – импорттаушы елміз. Ол тауарды өсімізге алып келеміз. Сондықтан импорттық инлфяцияның қайтадан өршуіне алып келуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Жыл сайын кәсіпорындарда өнеркәсіптік жарақаттан қанша адам көз жұмады