Моңғолиядан келген «Нұр» тобы Алматыда шығармашылық кеш өткізді

Almaty.tv
Almaty.tv
Құрылғанына 15 жыл толған дуэт Алатау баурайында концерт беру арманы болғанын айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Салем Алматы». Моңғолияның Баян-Өлгей қаласынан келген «Нұр» тобы Алматыда шығармашылық кеш өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрылғанына 15 жыл толған дуэт Алатау баурайында концерт беру арманы болғанын айтады. Себебі шеттегі қазақ диаспорасының тарихи отанынан мәдени байланысы жырақтап қалмаса деген ойда. Кеште эстрада жұлдыздары да өнер көрсетті.  

«Сонау жердің сәлемі мен сағынышын қазақ еліне алғаш рет Алматы қаласына алып келіп отырмыз. Өнерді өнер ететін – әнші, әншіні әнші ететін  халық. Осы халықтың ыстық ықыласымен, батасымен бүгін Алатау дәстүрлі өнер театрында өнер көрсетіп жатырмыз», – деді «Нұр» тобының жетекшісі Кертай Зархұмұлы.

Шығармашылық кеш үшін ат басын Алматыға арнайы бұрған көрерменнің қатары көп болды. Жиналған қауым баянөлгейлік өнерпаздардың сәлемін ыстық ықыласпен қабыл алды.

«15 жыл ішінде қаншама дүние жасадық. Алматы қаласында өзіміздің ән кешімізді өткізу арман-мақсаттарымыздың бірі болған. Бүгін міне, мақсатымызға жеттік», – деді «Нұр» тобының әншісі Сәтжан Класханұлы.

Оқи отырыңыз: Елімізде болашағы жоқ қанша ауыл бар

Новости партнеров