|
05.06.2023 | 21:04
611

Жыл сайын кәсіпорындарда өнеркәсіптік жарақаттан қанша адам көз жұмады

Бұл туралы кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Дәулеталин Сатыбалды айтып берді

Жыл сайын кәсіпорындарда өнеркәсіптік жарақаттан қанша адам көз жұмады Almaty.tv

Жыл сайын кәсіпорындарда өнеркәсіптік жарақаттан шамамен 200 адам көз жұмады. Бұл туралы кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Дәулеталин Сатыбалды бүгін «Алатау Жарық компаниясының» жұмысшыларымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбек ұжымымен жолыққан ол жалақы мәселесін де көтерді. Федерация басшысының айтуынша, қызметкерлердің айлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен аз болмауы керек.  

«Энергетика саласында біраз күрделі мәселе бар. Оның бірі тарифті қалыптастыру мәселесі. Оны қазір Үкіметпен, министрлікпен бірлесе отырып соның шешілу жолын іздестіріп жатырмыз. Жұмыскерлер мен жұмыс берушінің ойын тыңдадым», – деді ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

Оқи отырыңыз: Алматыда бұрын-соңды елімізде болмаған ота жасалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир