Елімізде соңғы 30 жылда 2 миллиард тоннадан аса мұнай өндірілген. Оның 90 миллион тоннасы өткен жылдың еншісінде. Сарапшылардың айтуынша, қара алтын қорын арттыруға бар күш салынып жатқанымен, бюджеттің бүйірі шығып, халық байып кеткен жоқ. Бұған не себеп? Үкімет кірісінен шығысы көп ірі кәсіпорындардың жұмысын қалай реттемек? Жалпы елдегі шикізат көлемін арттыру үшін қолға алынған шаралардың тиімділігі қандай? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасның студия қонағы экономист, сарапшы Мақсат Халық жауап береді.
Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.