Алматының Кәсіпкерлер палатасы экспортқа шығарылатын тауардың шығу тегі туралы 9 мыңнан астам сертификат берді

Almaty.tv
Almaty.tv
2021 жылдың басынан бастап 14 желтоқсан бойынша Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы 102 индустриялық сертификат, «CT-KZ» нысанындағы 714 сертификат және экспортқа шығарылатын 9 319 сертификат берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ішкі айналымға және экспортқа арналған тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды, сондай-ақ индустриялық сертификатты беру туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат-бұл тауардың шыққан елі Қазақстан Республикасы екенін куәландыратын құжат», - деп хабарлады А. Қошмамбетов.

Осы түрдегі сертификаттар межелі елде тарифтік преференцияларды (кедендік баждарды төмендету немесе одан босату), тарифтік емес реттеуді (тауарды әкелуге/әкетуге тыйым салулар, шектеулер) алу үшін ресімделеді. Ал индустриялық сертификат отандық өндірушінің мәртебесін растайды.

2021 жылдың басынан бастап 14 желтоқсан бойынша Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы 102 индустриялық сертификат, «CT-KZ» нысанындағы 714 сертификат және экспортқа шығарылатын 9 319 сертификат берілді.

Новости партнеров