|
17.02.2021 | 22:37
900

Алматыда пандемияға қарамастан, экономиканың негізгі салаларында өсім қарқыны сақталды

Қала әкімдігі дер кезінде дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап, өңірлік үлесті дамытудың жоспарын нақтылады

Алматыда пандемияға қарамастан, экономиканың негізгі салаларында өсім қарқыны сақталды ашық дереккөзден

Әлемдік пандемия Алматыға да өз әсерін тигізбей қоймады. Қаладағы жеке кәсіпкерлік пен бірнеше саланың жұмысы тұралады. Осынша сын-қатерге қарамастан, өңірде өнеркәсіп, байланыс, құрылыс, тұрғын үй сынды басты салада экономикалық өсім сақталды. Қала әкімдігі дер кезінде дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап, өңірлік үлесті дамытудың жоспарын нақтылады. Нәтижесінде қаланы дамытуға бағытталған басты жұмыс қарқынды жалғасып, әлеуметтік осал топтағы отбасылар мемлекеттің қолдауын сезінді.

Өткен жылдың наурыз айындағы төтенше жағдай мен локдаун режимі кезінде бөлшек сауда мен көтерме тауар айналымында оң көрсеткіштер байқалады. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында қала аумағында 76 мың 300 жұмыс орны ашылды. Оның 46 300-і мемлекеттік бағдарлама бойынша ашылды. Бүгінде Алматы агломерациясы жоспары бойынша халық саны 3 млн-нан асады. Одан бөлек, қалада «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында құны 200 млрд теңге болатын 504 жоба іске асырылуда.

«Жаңа Алматы» жобасы аясында алдағы 5 жылға жоспар қабылданды. Бұл жерде сол халыққа керекті, саланың бәрі қамтылған. Ол халықтың әл-ауқатын көтеруге тұрмысын көтеруге, халықтың еңбек орындарының қамтамассыз етілуіне бағытталған жоспар», – деді «Алматыбасжоспар» ғылыми зерттеулер шеберханасының жетекшісі Жанат Айтілеу.

Пандемия кезеңінде қаладағы біраз шағын және орта бизнестің жұмысы тоқтады. Бұл уақытта Президенттің қолдауын алматылық кәсіпкерлер де сезінді. 200-ден астам бизнес нысаны үш айға салықтан босатылды. 2900 кәсіпкерге құны 72 млрд теңге болатын несиені кейін төлеу мүмкіндігі берілді. Нәтижесінде мегаполюсте шағын және орта бизнес нысандарының саны 3,6 пайызға артты. 

«Шағын және орта кәсіпкерлікке байланысты 1,7 пайызға артқан. Өткен жылмен салытырғанда 1,4 млрд-ға жеткен. Бұрынғы жылдары жеңілдетілген несиені алу үшін өнеркәсіптік компания болуыңыз керек еді. Ал, қазір қызмет көрсету саласындағы компания болсаңыз да, жеңілдетілген несие ала аласыз. Осындай артықшылықтар шағын және орта бизнес кәсіпкерлігінің ұлғайғанын байқауға болады», – деді GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық.

Бүгінде қалада 30 мыңға жуық оқушыға мектептерде орын жетіспейді. Бұл олқылықты шешу мақсатында қала әкімдігі жүйелі жұмыстарды қолға алған. Әуезов және Түрксіб ауданында 1800 орындық 2 мектеп бой көтерді. Одан бөлек 5 мектепке жанама ғимарат салынып, білім ордалары аумағын кеңейтті. Сондай-ақ өткен жылы, 2 жекеменшік мектеп халық игілігіне пайдалануға берілді. Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 4 балабақшаның құрылысы басталды.

«Бюджеттен жекеменшік бала бақшаларына әрбір балаға шаққандағы бөлгендегі ақша көтерілді. Қаңтар айынын бастап 37547 теңге болады әрбір балаға. Сондықтан жергілікті әкімдіктен қолдау көріп жатырмыз», – деді Республикалық жекеменшік білім ұйымдары қауымдастығының төрайымы Роза Садықова.

Жергілікті халықты баспанамен қамту қай кезеңде де өзекті. Өткен жылы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «Алматы жастары» мемлекеттік бағдарламасы өңірдегі талай жас маманның баспаналы болуына мүмкіндік берді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 3 902 отбасы қоныс тойын тойлады.  Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық.  

«Соңғы уақытта қала аумағы мен агломерациясы жылдап өсіп келеді. Сәйкесінше бізге сәулетшілерге артылып отырған жауапкершілік жоғары. Себебі тұрғын үйлерді уақытылы әрі сапалы аяқтау маңызды. Әсіресе, Алатау мен Наурызбай ауданына ерекше көңіл бөлініп отыр. Ол үшін қала әкімдігіне алғыс айтқым келеді», – деді қалалық сәулетшілер одағының төрағасы Сергей Мартемьянов.

Қала басшылығы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында газбен жүретін қоғамдық көліктерді көбейтіп жатыр. Одан бөлек 2-жылу электр стансасын газға ауыстыру мәселесі де басты назарда. Өткен жылы жасыл қорды дамыту мақсатында 280 мыңнан астам ағаш егілген. Ал, биыл «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында миллион түп жасыл желек егіледі деп жоспарланып отыр.

Ұлағат Арғын, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир