Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Жеке кәсіпкерлік ашудың б
«Жеке кәсіпкерлік Halyk Bank қосымшасы арқылы тіркелуі жеке кәсіпкерлік болуын тексеру, жеке кәсіпкерлік қызметінің басталуы туралы хабарламаны және талонды қалыптастыру бойынша қосымша сервистерді құрудың арқасында мүмкін болды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен, Е-лицензиялау мемлекеттік деректер қорымен және Банкпен біріктіру арқылы жүргізілді», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Амина Жүнісбай.