Тегерандағы өртенген кәсіпорын Ирандағы ең үлкен мұнай өндіретін зауыт. Ол бұл елдегі жалпы жанармайдың 15 пайызын өндіреді. Ал, алпауыт зауыттың отқа орануы жаһандық экономикаға қалай әсер етуі мүмкін? Сарапшылар пікірі қандай? Дәл қазір Almaty.tv эфиріне тікелей байланысқа шыққан экономист Мақсат Халық.
- Мақсат мырза, кеш жарық? Ирандағы зауыттың өртенгені қара алтыннан ақша табатын елдердің экономикасына қаншалықты әсер етеді деп санайсыз? Әрине, біздің елге де қатысты айтса кетсеңіз
- Қайырлы кеш, Өмір. Кез келген экономикалық үрдістерде әлемде мұндай күрт жағдайлар бірден қор нарықтарында өз әсерін көрсетіп жатады. Бірақ та мұндай жаңалықтардың әсері ұзақ мерзімде емес уақытша болады. Ал, енді осы Ирандағы болған жағдайға қарайтын болсақ, Иранның зауыты мұнай өндіру зауыты өз ішкі өнімінің 15 пайызын беріп отыр. Әлемде Иран мұнай нарығындағы үлкен ойыншылардың бірі болып саналады. Сондықтан белгілі дәрежеде мұның әсері бар деуге негіз бар. Дегенмен бұл жаңалық ретінде бірден әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта мұнайдың бағасы бірден шарықтауы мүмкін 70 доллардың үстіне қарай. Бірақ бұл үрдіс ұзаққа бармайды. Әлемдегі мұнай қорының көлемі нақты анықталғаннан кейін, жоғалған мұнай шығынының орны толтырылғаннан кейін бәрі қалыпқа келетін болады. Ал, жалпы мұнайдың бағасына әсер етуі мүмкін басқа да факторлар бар, ол – жалпы вакциналау. Әлем экономикасының, соның ішінде АҚШ экономикасының жылдам қалыпқа келуі – бұл әлдеқайда негізгі фактор болып тұр. Мұнай нарығының бағасының қалыпқа келіп отыруына негізгі себептер осы.
- Рахмет. Мұнай бағасы өзгереді деген сөз, доллар бағасы да өзгереді. Бірақ соңғы екі айда шикізат нарығындағы бағаның өсуіне және АҚШ-тағы инфляциялық жағдай, Ресей рублінің тұрақтануына байланысты біздің ұлттық валюта да құны өсіп келеді. Алайда сіз алдағы уақытқа қандай болжам айтар едіңіз, теңгеге қатысты?
- Жақсы, сұрағыңызға рахмет. Бірден айту керек, иә, мұнайдың бағасы өсетін болса, бұл біздің теңгемізге де әсерін тигізеді. Мұнайлы ел болғаннан кейін осы мұнайдың бағасының қандай да бір құбылуы біздің төл валютаға оның оң және теріс әсері бар. Мұнайдың бағасы неғұрлым өсе бастаған кезде біздің теңгеміз күшейеді. Өйткені біздің экспортымыздың 80 пайызы осы мұнай, шикізат өнімдері, минералды ресурстар құрағандықтан, мұнайдың бағасы қатты әсер ететіні сөзсіз. Бірақ бір мәселе бар. Уақытша тенденцияны айтып өткім келеді. Өйткені белгілі дәрежеде теңгеміз күшеюі мүмкін. Бірақ алдағы уақытта басқа да факторлар бар теңгеге әсерін тигізетін. Ол бірінші кезекте АҚШ-тың федералды резервтер жүйесінің қойып отырған кілтті пайызды мөлшерлемесі. АҚШ экономикасының тез қалыпқа келуі мүмкін деген болжам. Бұл доллар валютасының әлем елдеріндегі валютаға қатысты құнын арттырып отырғаны белгілі. Тағы да бір маңызды мәселе бар. Ол – Ресей рублі. Ресейге қатысты санкциялар маусымның 15-де күшіне енуі мүмкін. Егер де екіжақты президенттердің өзара келісімдері жүзеге аспайтын болса. Онда Ресей рублі құнсызданатын болады. Тағы бір фактор ол осы жаз маусымдық кезең. Бізде Қазақстаннан шетелге демалғысы келетін азаматтардың қазір көлемі ұлғайып жатыр. Демек шетел валютасына деген сұраныс та артады. Бұл белгілі дәрежеде доллардың күшеюіне әсерін тигізеді. Теңгеміз қазір күшеюі мүмкін. Алдағы уақытта шетелдік валютаның мысы басымырақ болады.
- Жақсы, уақытыңызды бөліп, пікір білдіргеніңізге рахмет.
Құрметті көрермен студиямен байланысқа қосылған экономист Мақсат Халық болды.