Пандемия кезінде қызметі шектеліп, табысы азайған кәсіпорындар жоқ емес. Осы орайда отандық кәсіпкерлер төмен пайызбен қайта қаржыландыру мен несие беруді сұрап отыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның мәлімдеуінше, атышулы індет одан әрі етек жайған жағдайда ұлттық палата үкіметпен бірлесіп кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама әзірлемек.
«1 млн-ға жуық кәсіпкер немесе еліміздің бизнес саласының 70%-ы пандемияның зардабын тартты. Өздеріңіз білетіндей, кеше өткен кәсіпкерлер палатасының VII съезінде Президент нақты тапсырмалар берді. Осы орайда біз Ұлттық экономика министрлігіне бизнесті қолдауға қатысты нақты ұсыныстар бердік», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.