|
17.05.2021 | 23:14
7400

Мектеп мұғалімі сабақ беруден бас тартып, сабын шығаруды қолға алды

Елде жоқ ерекше идея ауыл мұғаліміне бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанда пайда болған

Мектеп мұғалімі сабақ беруден бас тартып, сабын шығаруды қолға алды

Жамбыл облысында мектеп мұғалімі сабақ беруден бас тартып, сабын шығаруды қолға алды. Қордайлық ұстаз сабынды ерекше пішінде жан-жануарлар мен түрлі ертегі, мультфильм кейіпкерлерінің кейпінде құйып жасайды. Мұғалім ауылда шығаратын сабыны толықтай экологиялық таза өнім дейді. Almaty.tv тілшісі Мерей Бает толығырақ баяндасын.

Елде жоқ ерекше идея ауыл мұғаліміне бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанда пайда болған. Бос отырмай іс қылайын деп, одан соң үйге келген адамға сый жасау мақсатында жасап бастаған. Кейін жолдасымен ақылдасып, жеке кәсіп бастауды жөн санапты.

«Арнайы осындай дайын тұрған сабын. Біз тек қана оған иіс береміз. Түс береміз және белгілі бір форма береміз.  Мысалы, мына формада байқасаңыздар, өзіміздің кәдімгі жейтін тоқаш дейміз ғой. Плюшка. Осыны шығарғаннан кейін кәдімгідей әрлейміз. Не оның шын екенін, не сабын екенін ешкім айыра алмайды», – деді кәсіпкер Жансұлу Мұқатова.

Тұрған тәтті тоқаш, құс, ара, жылқы балта, балға, қуыршақ мұның бәрі сол сабыннан жасалған дүние. Сабын әлемінің сөресі ме дерсіз. Жансұлу Мұқатова өзі жасаған өнімді сату үшін ауылдан дүкен ашқан. Оның сабындарын бүгінде ауылдағы балалар да, ата-аналар да қызығушылықпен пайдалануда.

«Таптырмайтын құрал болып отыр. Қазіргі кезде пандемия өршіп тұрған кезде ойнап келеді жүгіріп. Кір-кір болып келеді. Жай сабынмен жуындырсаң, жылап өкіріп, бақырып жатады ғой. Ал мынамен өздері ойнап отырып-ақ ешқандай қиындықсыз өздері жуынып-шайынып...», – деді Қордай ауылының тұрғыны Бейсехан Алмасбеков.

Жансұлу сабынды кәдімгі микротолқынды пеште қайнатады. Тауарларды 3-тен 7 жылға дейін сақтауға болады. Ең бастысы экологиялық таза өнім. Бұрынғы мұғалімнің ендігі мақсаты мемлекеттік грант алып, кәсібін кеңейту.

Мерей Бает, Нұрлыбек Ержанұлы, «Алматы» арнасы, Тараз

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир