Көксу және Тараз зауыттарын модернизациялауға 22,4 млрд теңге бағытталды
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін арттыру және жоғары қосылған құны бар өнім шығару жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2029 жылға дейін жалпы қуаты 5,8 млн тоннаны құрайтын алты ірі инвестициялық жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылы Түркістан және Жамбыл облыстарында жүгеріні терең өңдейтін екі жоба пайдалануға берілді. Жоспарланған барлық астық жобалары бойынша инвестициялардың жалпы көлемі $4 млрд құрайды.
«Қант қызылшасын қайта өңдеу саласында да бөлек жұмыстар жүргізілуде. Қуаттылығы тәулігіне 3 мың тонна шикізатқа дейін арттырылған Көксу қант зауытын модернизациялау аяқталды және Тараз қант зауытында да осыған ұқсас жоба іске қосылды. Осы екі кәсіпорын бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 22,4 млрд теңгені құрады, ал зауыттарды іске қосу және шикізатты қабылдауды бастау ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған», — деп баяндады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Оқи отырыңыз: Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету кезінде тұрғындардың ұсынысы ескерілді