Дизель отынын цифрлық таңбалау нәтиже бере бастады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Ауыл шаруашылығында отынды тұтыну 21%-ға оңтайланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Цифрлық таңбалауды, отынды түсті бояуды және электрондық шот-фактуралар жүйесінде бөлек виртуалды қойманы енгізу аграршылардың жеңілдетілген дизель отынын нақты тұтынуын азайтқанын көрсетті. Бұл туралы сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мунай өнімдерінің қозғалысын цифрландыру бойынша 2024 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2023 жылмен салыстырғанда, бөлінген көлемдер шеңберінде диқандардың нақты тұтынуы 729-дан 602 мың тоннаға дейін немесе 127 мың тоннаға азайды, бұл 21%-ға төмен. Бүгінгі таңда Министрлік Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндірілетін ауыл шаруашылығы муқтаждықтарына арналған дизель отынын таңбалау бойынша пилоттық жобаны енгізу жұмыстарын жүргізуде. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығы», — деп хабарлады Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.

Оқи отырыңыз: Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету кезінде тұрғындардың ұсынысы ескерілді