Айлық есептік көрсеткіш көлемі 4 мың 325 теңгеге өседі

Өзгерістер 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке енгізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келесі жылы елімізде айлық есептік көрсеткіш көлемі 4 мың 325 теңгеге өседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл қазіргіден 10 пайызға жоғары. Яғни, 2026 жылы айлық есептік көрсеткішпен есептелетін кез келген төлем, оның ішінде айыппұлдың, әлеуметтік төлемдердің көлемі де артады деген сөз. Мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 13 миллион теңгеге жуық айыппұл төлесе, кіреберіске қоқыс қалдырғандар 86 мың 500 теңге төлейді. Ал түнгі тыныштықты бұзғандар мен көлікте қауіпсіздік белбеуін тақпай, телефон ұстағандардың жазасы 22 мың теңгеге жуық болады.

Сонымен қатар келесі жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 50 мың 851 теңге болса, ең төменгі жалақы өзгеріссіз 85 мың теңге болып қала береді. Өзгерістер 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке енгізілді.

Айта кетейік, биыл бір айлық есептік көрсеткіш 3 мың 932 теңгеге тең болса, 2026 жылдан бастап ол 393 теңгеге өспек.

«Ең төменгі зейнетақының мөлшері  69 мың 049 теңгені құрайды. Сонымен қатар, зейнетақы төлемдері мен барлық мемлекеттік жәрдемақыларының төлемдерінің мөлшерлері 10 пайызға арттады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқармасының басшысы Әнел Шенеева.

Оқи отырыңыз: MYSYRLYQ TANYM: Ұлттық банк жаңа монеталар шығарады

Новости партнеров