MYSYRLYQ TANYM: Ұлттық банк жаңа монеталар шығарады

Almaty.tv
Almaty.tv

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Ұлттық банкі «Жаратылыс сырлары» монеталар сериясынан MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Монеталар 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Коллекциялық MYSYRLYQ TANYM монетасының дизайны ежелгі Мысыр мен қазіргі заманғы дүниетанымды біріктіреді. Монетаның тантал бөлігінде – Мысыр құдайлары, күміс бөлігінде – технология символдары мен олардың трансформациясы бейнеленген.

Бірнеше құрамнан тұратын MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монетасында күрделі технология қолданылған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның тантал қондырмасы бар. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, дайындау сапасы – «proof», номиналы –  2 000 теңгелік, дайындау таралымы –  400 (төрт жүз) дана.Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Оқи отырыңыз: Президент «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады

 

 

Новости партнеров