Жобалар аясында 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда
Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі таңда мұнда жалпы көлемі 1,1 трлн теңгеден асатын инвестицияға ие жеті жоба жүзеге асырыла бастады. Инвесторлар географиясы Қытай, Түркия, Сингапур және Қазақстан елдерін қамтиды.
Жобалар аясында 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Оқи отырыңыз: Биыл 1480 км магистраль жөндеуден өтеді