Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум кәсіпкерлерге мемлекеттің дамуына үлес қосуға ықпал етеді
Алматыда 300-ге жуық кәсіпкерлердің басын қосқан бизнес-форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесуде талай жыл тәжірибесі бар іскерлер жаңа мүмкіндіктерді талқылады. Кәсіпкерлікті жанына серік еткендер пікірін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум кәсіпкерлерге мемлекеттің дамуына үлес қосуға ықпал етеді
"Қазақ кәсіпкерлерінің құрылтайы десек болады. Өйткені еліміздің экономикасының маңызды бөлігі шағын және орта кәсіп қой. Экономикамызға салық төлеп жатқан да осы – кәсіпкерлер. Сондықтан форумда бір-бірімен тәжірибе алмасып жатыр. Жас кәсіпкерлерге жол көрсетуде. Көп форум орыс тілінде немесе шетелдік қонақтар келіп жатады. Қазақ тілі – заманауи, кәсіптің тілі болуы керек", – деді IT саласының маманы Айболат Құлатай.
Оқи отырыңыз: 2025 – жұмысшы мамандықтар жылы: Үкімет дайындыққа кірісті