Алматыда Qazaq Invest Forum өтті: 5 трлн теңге қаржы қайда жұмсалмақ

Халықаралық инвестициялық форум аясында трансұлттық қор құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Халықаралық Qazaq Invest Forum өтіп, соның аясында трансұлттық инвестициялық қор құрылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жалпы капиталы 5 трлн теңгеден асатын қор қаражаты экология, жасыл энергетика, инфрақұрылым және өнеркәсіп салаларындағы ауқымды жобаларды қаржыландыруға бағытталмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның басты мақсаты -  инвесторлар тарту, өңірлік индустрияны дамыту, инновациялық жобаларды қолдау мен Қазақстанның инвестициялық әлеуетін көрсету. Онда өңірлік жобалар таныстырылып, келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.  

«Қытай, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, солардан инвесторларды әкеліп, соларға барлық мүмкіндікті жасауымыз керек. Олардың салған қаражаты қайтатынына нарықта кепіл беруіміз керек. Бірақ олардан біз білім, технология, ғылым үйренуіміз керек», - деді «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.

«Бұл форум Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің келісімі аясында өтіп жатыр. Біз 50-ден астам компания болып келдік. Қазір соның 9-ы меморандумдарға қол қойды. Инвесторларды көп қызықтыратын салалар - күн энергиясы, көлік-логистика саласы, қайта өңдеу сынды жобалар», - деді инвесторлар серіктестігінің өкілі (Қытай) Гао Чын Ян.

Оқи отырыңыз: Президент: 500-ге жуық ауылға ауыз су жеткізу – алдағы шұғыл міндет

Новости партнеров