Маңғыстауда заңсыз берілген 91 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

​​​​​Өңірде құны 1,1 млрд теңгеге жуық жер учаскесі заңбұзушылықпен берілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда жер телімдерін заңсыз беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, биыл қадағалау актілерімен 91 мың гектарды құрайтын 87 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Жалпы құны - 1,1 млрд теңге.

Сондай-ақ 83 мың гектар ауыл шаруашылығы аумағы мемлекет меншігіне кері өткізілді. Яғни, мал басының саны жайылымдағы жүктеме нормасына сәйкес келмей, бұл учаскенің игерілмегені белгілі болған.

Сонымен қатар қадағалау органы өкілдерінің айтуынша, Ақтау әкімдігі қала маңынан тұрғын үй салу үшін кәсіпкерлердің біріне теңіз жағалауындағы жағажайлардан жер телімін заңсыз берген.  

«Мысалы, қала әкімдігі негізгі жер учаскесі игерілмегеніне қарамастан, жеке тұлғаға теңіз жағалауынан қосымша 0,5 гектар жер телімін бергені анықталды. Сот шешімімен бұл жер мемлекетке қайтарылды. Бұдан бөлек, Ақтау қаласында мемлекетке тиесілі 9 жер учаскесін өз бетінше иелену фактілері тіркеліп, құқық бұзушыларға жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», - деді облыстық прокуратураның аға прокуроры Мағжан Бегендік.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында ауыл әкімі өз-өзіне қол салмақ болды

Новости партнеров