Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Президент бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мен Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, өз елі арқылы екіжақты тікелей сауда жүргізу туралы шешім қабылдағаны үшін ризашылығымды білдірдім. Мысалы, биылғы қараша айында Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді. Бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша.

Біз Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу және әуемен жүк тасымалдау жұмысын ретке келтіру – маңызды міндеттің бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақ-армян қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие болады - Президент

Новости партнеров